Қазгидромет синоптиктері 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады. Еліміздің тек оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, дауыл, желдің күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал», делінген ақпаратта.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы облысында жел екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жауады.
Түркістан облысында жел 15-20 м/с, таңертең және күндіз кей жерлерде дауыл соғады.
Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында тұман түсіп, түнде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Қарағанды облысында екпіні 25 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде 2 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.