Босния және Герцеговина мемлекеті жасыл экономикаға бет бұру үшін жергілікті көмір шахталарын жаппақ. Осылайша кәрі құрлық елдерімен бірге 2050 жылға қарай ауаға кететін көмірқышқыл газын мейлінше азайтпақ ниетте, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Осы мақсатта жергілікті үкімет елдегі көмір шахталарын қайта құрылымдауға кіріскен. Алайда биліктің мұндай шешіміне кеншілер кәсіподағы түбегейлі қарсы.
«Кен орыны жабылса, жанұямызды қалай асыраймыз» дейді олар.
Ал билік ешкім жұмыссыз қалмайды деп уәде беріп отыр.