• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2021

Атырауда алаяқтықтың 720 дерегі тіркелді

487 рет
көрсетілді

Атырау облысында жыл басынан бері алаяқтық қылмысқа қатысты 720 дерек тіркеліп отыр, деп хабарлайды Еgemen.kz.

 

Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Нұрмұхамбет Муталиевтың ақпаратына қарағанда, оның ішінде интернет-алаяқтыққа байланысты 407 дерек анықталыпты.

«Атырауда интернет-алаяқтық әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттары арқылы көп жасалады. Соған байланысты облыстық полиция департаменті жыл басынан бері  «Anti Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде өткен жылдарда жасалған 21 құқық бұзушылық анықталып, қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», деді тергеу басқармасының бастығы Нұрмұхамбет Муталиев.

Ал, криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары Аман Ізмағамбетовтің мәліметінше, Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2021-2022 жылдарға арналған ақпараттық технологиялармен жасалатын алаяқтықты анықтау, тергеуге байланысты арнайы бағдарлама дайындалыпты.

«Тергеу кезінде алаяқтық қылмысын өзге өңірдің тұрғындары жиі жасайтыны анықталып отыр. Соның ішінде өскемендік тұрғынның 13 эпизодқа қатысы дәлелденді. Ал, Павлодар қаласы тұрғынының 8 дерекке қатысы бар болып шықты. Қазір бұл істерге қатысты процессуалдық шешімдер қабылданды», деді Аман Ізмағамбетов.