Атырау полицейлері арнайы іс-шара кезінде пәтер тонаған 8 ұрыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңір аумағында 19-21 мамырда «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсат – пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар күдіктілерді анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту.
«Қауіпсіз аула» жобасының шеңберінде көпқабатты үйлердің кіреберісіне бейнебақылау камераларын орнату үшін ПИК-термен байланыс ұйымдастырылып жатыр. Іс-шара кезінде облыста өткен жылдары жасалған 4, бұрын болған пәтер тонауға қатысты 3 ұрлық ашылды. Пәтер ұрлығы қылмысын жасағаны үшін 8 күдікті ұсталды. Оның біреуі осы кезге дейін іздестіруде болған» дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.