• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Мамыр, 2021

Зеленский Донбасс мәселесін бүкілукраиналық референдумда шешуді ұсынды

149 рет
көрсетілді

Украина президенті Владимир Зеленский бүкілукраиналық референдумдағы алғашқы мәселелердің бірі Донбасстағы жағдай болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде ең маңызды мәселе ол - Донбастағы жағдай. Өйткені бізде соғысты тоқтатуға қатысты бірнеше жоспар бар - А, В, С - осы тақырыппен референдум өткіземіз. Жоспарлардың бірі орындалуы мүмкін», деді Зеленский бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

8 сәуірде президент Владимир Зеленский «Бүкілукраиналық референдум туралы» Заңға қол қойған. Заңда ел президенті халыққа мемлекеттік мәселелерді саясаткерлердің қатысуынсыз дербес және тікелей шешу құқығын беру туралы бастама көтерді.

Заңға сәйкес бүкілукраиналық референдум тақырыбы Украина Конституциясының I, III, XIII бөлімдеріне өзгерістер енгізу туралы сұрақтар; ұлттық маңызы бар мәселелер; мемлекеттің аумақтық тұтастығы сақталған жағдайда Украина аумағын өзгерту туралы мәселе, сондай-ақ Украина Заңының немесе оның жекелеген ережелері күшін жою туралы мәселе болуы мүмкін.