Ресей қазақстандықтарға РФ азаматтығы бар туыстарына құрлық арқылы келуге рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресей Федерациясы Үкіметінің 18.05.2021 жылғы №1291-р өкіміне сәйкес, қазақстандықтардың Ресейге келуі үшін Ресей азаматтығы бар жақын туыстарының тізімі кеңейтілді. Енді Қазақстан азаматтары туыстық қатынасын растайтын құжаттары болса, өзінің РФ азаматтығы бар жұбайларына, ата-аналарына, балаларына ғана емес, сонымен бірге туған ағалары, әпкелері, әжелері, аталары, немерелеріне де құрлық арқылы келе алады.