• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 21 Мамыр, 2021

Бозжыра шатқалы қоқыс алаңына айналып барады

554 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысындағы табиғи ғажайыптардың бірі саналатын белгілі Бозжыра шатқалы қоқыс үйіндісіне айналып барады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызылсай» табиғи саябағының он инспекторы демалушылар қалдырған қоқысты жинауға тырысады. Бірақ олар мемлекеттік қорықтың 316 мың гектар аумағын бақылап отыра алмайтынын айтты.

Ерекше пейзаждарымен әйгілі шатқал Ақтаудан 300 шақырым жерде орналасқан. 1 наурыздан бері Бозжырға екі мыңға жуық турист келген. Жол талғамайтын көлікті жалға алу бағасы - 80 мың теңге және одан жоғары. Алайда бұл жердің танымалдығы табиғат сұлулығының сақталуына зиянын тигізіп жатыр.

«Біз саяхатшыларды қарсы аламыз, браконьерліктің алдын алып, көліктерде қарудың бар-жоғын тексереміз. Нұсқау береміз, от жақпауды, қоқысты қалдырмай алып кетуді сұраймыз. Бірақ шатқалға апаратын барлық жолды бақылау мүмкін емес. Сондықтан саяхатшылар қоқыстарын қалдырып кете береді», дейді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи саябақ қызметкері Наурыз Әнесов.