• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2021

Оралда бұршақ жауды

1020 рет
көрсетілді

Орал қаласында бұршақ жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар қызметі бір күн бұрын қолайсыз ауа райы болуы мүмкін екенін ескерткен. Хабарламада найзағай соғып, жел екпіні күшейеді деп болжанғаны айтылған. Бұршақ жауғаны туралы жазбалар әлеуметтік желілерде таралды. Куәгерлердің айтуынша, бұршақ отырғызылған көшетті бүлдіріп, адамдар зардап шеккен.

«Круглоозерное ауылында кешкі сағат сегіздер шамасында көп мөлшерде бұршақ жауды. Оралда болған жоқ. Бұршақ күтпеген уақытта басталып, жергілікті тұрғындарды шошытты. Адамдар жарақат алып жатыр» деп жазды әлеуметтік желіде.

«Зачаганск ауылында бұршақ жауды. Екінші жыл қатарынан бұршақ жылыжайды бүлдіріп жатыр», деді қала тұрғындарының бірі.