• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2021

Алматы облысында 2 мың адам отандық екпені салдырды

303 рет
көрсетілді

Алматы облысында 2 мың адам қазақстандық вакцинамен егілді, деп хабарлайды Egemen.kz

 «Алматы облысында 1-ші компаненттен 207 850 доза вакцина жеткізілді. Оның ішінде 2000 Qaz-Vac, 22 000 Hayat-Vax, 183 850 Гам-Ковид-вак. Ал 2-ші компоненттен 145 210 доза келіп түсті. Оның ішінде 2000 Qaz-vac және Gam-Ковид-vakтан 143 210 дана вакцина бар. Бірінші компанентпен 201 986 адам егілді, екінші компанетті 108 377 адам салдырды. Вакцинацияланғандардың арасында – мемлекеттік қызметкерлер – 8827, медицина қызметкерлері – 19 509, педагогтер – 30 038, БАҚ өкілдері – 95 және созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 1008 адам бар», делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.