• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 21 Мамыр, 2021

Президенттің төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес басталды

112 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің барлығының Президенттері онлайн режимде қатысып отырған іс-шара барысында одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою, осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардың қорытындысы, 2020 жылғы халықаралық қызметтің негізгі бағыттарының іске асырылуы сынды мәселелер қарастырылмақ. Мұнан бөлек, ЖЕЭК-ке қатысушы елдердің басшылары мүше мемлекеттердің 2021-2022 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдары, медициналық мақсатта пайдалануға арналған фармацевтикалық субстанциялар мен дәрі-дәрмек өндірісі саласындағы ынтымақтастық туралы мәселелерді қозғайды.

Отырыста Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйлейді деп күтіледі. Сондай-ақ Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес жанындағы бақылаушы-мемлекет басшылары ретінде қатысуда. Осыған дейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтетіні хабарланған болатынбыз.

Жиын «Хабар24» телеарнасы мен ҚР Президенті Баспасөз қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.