• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2021

Таразда көпбалалы аналардың мәселесі талқыланды

222 рет
көрсетілді

Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта көпбалалы және жалғызбасты әйелдерге арналған «Ұлт болашағы – аналардың қолында» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Оған өңірде тұратын бірқатар әйелдер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған шара барысында «Әйел – отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» тақырыбында Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының «Ел анасы» кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Камиляш Ахметжанова, «Бір тігін машинасының тарихы» тақырыбында жеке кәсіпкер, «Дана-Дель» тігін шеберханасының негізін қалаушы, «Шеберлік мекені» Жамбыл облысының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы» жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы, өткен жылы «Алтын сапа» сыйлығының «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша лауреаты атанған Бақыткүл Тоқтыбаева, «Өз-өзіңе сену – қиыншылықтарды шешу жолы» тақырыбында Халықаралық Тараз инновациялық-гуманитарлық институты Трансформация офисінің басшысы, Халықаралық эриксон мектебінің коучі Салтанат Телеуова, «Отбасы ошақ қасында өз бизнесін дамыту, табыс табу» тақырыбында жеке кәсіпкер, Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының жас кәсіпкер қанатының жетекшісі Айдана Укиева және «Берекелі әйелдің сырлары» тақырыбында практик-психолог, коуч, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар және адамның өзімен қарым-қатынасы бойынша сарапшы, көпбалалы ана Аида Әбдіқадырова сөз сөйледі.

Өзара әңгіме барысында көпбалалы әйелдердің бойындағы қорқыныш пен күмәнді сейілту, олардың өзіне деген сенімін қалыптастыру, кәсіп ашу барысында оларды мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау және бастаған ісінде тепе-теңдікті сақтау мәселелері қарастырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады.