Таразда су добынан әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ел біріншілігіне Алматы, Тараз, Нұр-Сұлтан және Орал қалаларынан командалар қатысты. Нәтижесінде Тараз қаласының әйелдер құрамасы топ жарды. Алматылықтар екінші болса, Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері үздік үштікті қорытындылады.
Айта кетерлігі, республикалық чемпионат 19-21 мамыр аралығында өтті.