• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Мамыр, 2021

Атыраулық таэквондошы Олимпиада жолдамасына ие болды

255 рет
көрсетілді

Иордания астанасы – Амманда өтіп жатқан құрлықтық іріктеу сайысында атыраулық таэквондошы Жансель Дениз Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иордания астанасы – Амманда өтіп жатқан құрлықтық іріктеу сайысында атыраулық таэквондошы Жансель Дениз Олимпиада жолдасын жеңіп алды.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан намысын қорғаған спортшы 67 келіден жоғары салмақта бақ сынады. Ол жартылай финалда Тәжікстан спортшысы Мохру Халимованы 12:2 есебімен ұтты. Енді ол  ақтық сайыста алтын медаль үшін тартысқа шығады.

Құрлықтық іріктеу жарысында финалға шыққан спортшылар автоматты түрде Олимпиада жолдамасын иеленеді.