• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Мамыр, 2021

Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды

157 рет
көрсетілді

Казгидромет еліміздің бірнеше аймағында ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz  «Казгидрометке» сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-18 м/с артады. Күндіз жекелеген аумақтарда 38-42 градус қатты ыстық болжанады.

Батыс Қазақстан облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал.

Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші жекелеген аумақтарда 15-20 м/с болады. Күндіз 39 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.

Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Күндіз Қостанай облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 25 м/с кжетеді. 35-36 градус ыстық болжанады.

Күндіз 23-25 мамырда Жамбыл облысында тауда найзағай, бұршақ күтіледі. 23-25 мамырда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар