• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Мамыр, 2021

Қазақстан балалар үшін қаншалықты қауіпсіз?

388 рет
көрсетілді

Балалық шақ үшін қауіпсіз елдер рейтингінде Қазақстан 180 елдің ішінде 50-орынға ие болды. Елдің индексі 1000-нан 933-ті құрады. Индекс 1000-ға жақын болған сайын балаларды қорғау деңгейі соғұрлым жоғары екенін білдіреді, деп хабарлады Egemen.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанды Беларусь пен Ресей басып озды. Армения, Өзбекстан, Түркменстан және Қырғызстан Қазақстаннан артта қалды. Балалар үшін ең қолайлы елдер Сингапур, Словения болды, ал үшінші орында Финляндия мен Швеция тұр.

Ал ең қолайсыз елдер – Нигерия, Орталық Африка Республикасы және Чад. Индекс денсаулық сақтау, білім беру және жалпы балалар қауіпсіздігі көрсеткіштерін ескерген.

Айта кетсек, Қазақстанда осы жылдың басында 0-15 жас аралығындағы 5,8 млн бала тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7% артық. Балалар мен жасөспірімдердің көп бөлігі Түркістан облысында тұрады: 815,4 мың адам.

Балалардың саны бойынша ТОП-3 аймаққа Алматы облысы мен Алматы қаласы кіреді. Балалардың ең аз бөлігі Солтүстік Қазақстан облысында тұрады.