ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше «сары» аймақта тұрған Қызылорда облысы бүгін «жасыл» аймаққа шықты. Ал кеше «жасыл» аймақта тұрған Маңғыстау облысы керісінше «сары» аймаққа кірді.