• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Мамыр, 2021

Мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын уақытша тоқтатты

191 рет
көрсетілді

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лар Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі ақауға байланысты жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүйесінің істен шығуына байланысты Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО қызметтері қолжетімсіз. Кешірім өтінеміз. Мамандар жауапты мемлекеттік органмен бірлесіп техникалық ақауларды жойып жатыр. Қашан жұмысқа оралатынымызды кейінірек қосымша хабарлаймыз», деді мемлекеттік корпорация өкілдері.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шамамен 12.00-ден бастап жүйеге кіру қиындаған. 

«Мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтердің барлығы дерлік - автокөлікті тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін беру – ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің сервистері», дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.