Қарағанды облысы Жәйрем кентінің «Өндіріс еріктілері» ерікті тобы Қарағанды облыстық онкологиялық диспансерінің пациенттеріне қолдау көрсетті. Бірнеше күннің ішінде олар ақша жинап, 200 литр қымыз сатып алып, медициналық мекемеге алып келді, деп хабарлайды Egemen.kz
Бие сүті сауығуға жақсы көмек болады. Қымыз химия және сәуле терапиясын алатын пациенттерге қажет.
Сусынның бір ғана қарсы көрсетілімі бар - операциядан кейін бірден ішуге болмайды.
«Онкологиялық науқастарды қымызбен қамтамасыз ету идеясын біздің еріктілеріміздің бірі ұсынды. Ол өзі осы ауруханаға түскен. Диагноз расталмады, сондықтан қуанышты хабарлан соң үйге оралып, игі іс жасауды ұсынды», дейді «Өндіріс еріктілері» тобының жетекшісі Гаухар Наурызбаева.
Бүгінде «Өндіріс еріктілері» тобына «Қазцинк» компаниясында жұмыс істейтін 150 ерікті кіреді.
Оның барлығы жерлестеріне көмек көрсету керек деп шешті. Ақша бір күнде жиналды.
Жәйремдіктердің қолымен жасалған 200 литр қымыз сатып алынды.
Нәтижесінде оны медициналық мекеменің 180 пациенті алады.
Олардың атынан диспансердің бас дәрігері Мұратбек Жұмақаев көрсетілген қайырымдылық үшін алғысын жеткізді.
«Ай сайын ауыл тұрғындарына көмектесеміз. Жұмысымыз екі бағытта жүріп жатыр. Бұл материалдық қолдау – біз өнімдерді, қажетті заттарды сатып аламыз. Сонымен қатар, сенбілікке шығамыз, сырлауға, ақтауға көмектесеміз. Бастапқыда біз Жәйрем тұрғындарына ғана көмектесеміз деп келістік. Бірақ Қаражал мен Өскемендегі аз қамтылған отбасыларға көмектесу мүмкіндігі туды. Енді облыс тұрғындарына қол ұшымызды созуға тырысамыз», деді Гаухар Наурызбаева.
1 маусым да жақындап келеді. Топ еріктілері мерекеге дайындалып жатыр.
Жәйрем кентінің мүгедек балаларына арналған сыйлыққа ақша жинауда.