• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Мамыр, 2021

Жазда коронавирус жұқтырғандар қайта көбеюі мүмкін – ДСМ

4198 рет
көрсетілді

Маусым-қыркүйек арасында COVID-19 жұқтырушылар саны 95 мыңға жетуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаз айларында жағдайдың қаншалықты ушығуы мүмкін екенін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, вакцинаны халықтың 60 пайызы ғана салдырса, жағдай осыған әкеледі.

Ал нақты көрсеткіштерге қарасақ, жаздың үш айында ел тұрғындарының шамамен 80 пайызы вакцина салдыруы керек. Бұл жағдайда вирус жұқтырушылар саны болжамды түрде 70 мыңға таяп қалады. Егер халықтың вакцина салдыру көрсеткіші тіпті артып 95 пайызы салдырып үлгерсе, жазғы үш айда 61 мың адам ғана жұқтыруы мүмкін дейді министр. Бірақ мұның бәрі халықтың белсенділігіне байланысты.

«Елімізде 3 миллиондай доза вакцина салынған. Оның 2 миллионнан астамы бірінші бөлігі болса, бір миллионға жуығы – екінші бөлігін салдырғандар. Осы күндері бүкіл екпе салу орындарында вакцинаның бірінші бөлігінен 320 мың, екінші бөлігінен 650 мың доза дайын тұр. Бұл жеткілікті», дейді министр.