Шығыс Қазақстан облыстық Экология департаменті тоған суының ластануы бойынша тексеру жұмыстарын 5-20 мамыр аралығында жүргізген. Соның нәтижесінде «Қазмырыш» ЖШС Алтай тау-кен байыту комбинатының өрескел заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Экологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тоғанға төгілген су көрсетілген шектен асып кеткен. ҚР Экологиялық кодексінің 225-бабы 4-тармағына сәйкес жер үсті су қоймаларына ағызылатын сарқынды су мөлдір, бояусыз, иіссіз болуы қажет, сондай-ақ құрамында ауру тудыратын бактериялар және гигиеналық нормативтерден асатын концентрацияларда адам денсаулығы мен жануарлар үшін зиянды заттар болмауы тиіс», делінген департамент мәліметінде.
Зерттеу нәтижесінде, сарқынды суда эмиссиялар бекітілген нормативтерден марганец бойынша – 140 есе, мырыш – 44,8 есе, тұз аммонийі – 2,3 есе, нитрит-ион – 5,1 есе, сульфаттар – 5,7 есе, мыс – 5 есе асқаны анықталды.
Осындай құқық бұзушылық жасаған «Қазцинк» ЖШС-ға 291 700 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.