• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Мамыр, 2021

Пандемия тұсында коммерциялық БАҚ салық төлеуден босатылған

296 рет
көрсетілді

Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуінде былтыр министрлік үшін ақпараттық-идеологиялық жұмыс саладағы негізгі бағыттың сабақтастығын бекітіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа бастамаларды іске асыруға бастау болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өздеріңіз білетіндей, өткен 2020 жыл біздің бұқаралық ақпарат құралдары үшін өте қиын жыл болды. Жарнамалық кірістердің шектелуіне байланысты БАҚ үлкен қаржылық қиындықтарға тап болды. Сондықтан бірінші кезекте біз дағдарыстың салдарын жою бойынша жүйелі жұмысқа кірістік. Президенттің тапсырмасы бойынша және Үкіметтің қолдауымен көптеген жеке БАҚ өз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды», деді министр.

Қысылтаяң кезеңде коммерциялық БАҚ салық төлеуден және еңбекақы қорына салынатын міндетті аударымдардан босатылған.

2020 жылғы 1 сәуір мен 1 қазан аралығында 67 коммерциялық телеарна мен радиоарна, 2020 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында балама және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден босатылған.

«Жалпы, 2020 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру 88 БАҚ (11 теле және радиоарна, 40 басылым және 37 интернет-ресурс) арқылы табысты жүзеге асырылды. Олардың күшімен COVID-2019-ға қарсы іс-қимыл және инфекцияны таралмауы жөніндегі шараларды ақпараттық түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 250-ден астам бейнеролик шығарылды. «Ел арна» және «Балапан» телеарналарының эфирінде «онлайн сабақтар» көрсетілімі қамтамасыз етілді. Бұл балаларымызға инфекция жұқтыру қауіпінсіз үздіксіз білім алуына мүмкіндік берді», деді ведомство басшысы.