Көше суретшілері Байқоңырдың құрастыру-жанармай құю кешеніне еніп, аяқталмаған «Буран» ғарыш шаттлын граффитимен бояп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Олар кемеге «Жақсылық», «Юра, біз келдік», «Жұлдыздарға ұшпас бұрын адам жерде өмір сүріп үйренуі керек» деген секілді сөздер жазып кеткен. «Буранға» төрт адамның қолтаңбасы қойылған. Қолтаңбалар граффити авторларынікі болу мүмкін.