Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 25 мамырда болған. Қайғылы оқиға туралы Аршалы аудандық полиция бөлімшесіне сағат 17:23-те хабарлама түскен. №42 разезд станциясының жанында екі бала суға батып кеткені хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, №42 разезд станциясынан 200 метр қашықтықтағы суға 2013 жылы туған екі бірінші сынып оқушысы батып кеткенін анықтаған.
«Мән-жайды нақтылау кезінде, сондай-ақ куәгерлерді (марқұмның әкесі) сөзге тартқанда үйден үш баланың сұранбастан шығып, жоғарыда аталған аймаққа шомылуға кеткені анықталды. Кешкі сағат 16:30 шамасында кіші ұлы үйге жүгіріп келіп, әкесіне судағы ағаларының көмек сұрағанын айтады. Сағат 16:55-те әкесі судан ұлының денесін алып шыққан. Кейіннен Нұр-Сұлтан ТЖД «ОСО» құтқарушылары суға батқан екінші баланы алып шықты», делінген хабарламада.