Батыс Қазақстан облысында 66481 адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті егілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, соның ішінде 59186-сы «Спутник V», 1 мыңы «QazVac», 5360-ы «Hayat-Vax» вакцинасын қабылдады. 29354 адам ІІ компонентпен егіліп үлгерді.
Облысқа осы кезге дейін 138560 доза (89050-і – бірінші, 49510-ы – екінші компонент) вакцина жеткізілді. Соның басым көпшілігі, 91200-і (60550-і – І, 30650-і – ІІ компонент) – ресейлік «Спутник V» вакцинасы. 2 мың доза (1 мыңы – І, жартысы – ІІ компонент) отандық вакцинамен 1 мың адам егілді.
Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген 45 мың доза (27500-і – І, 17500-і – ІІ компонент) «Hayat-Vax» вакцинасымен де тұрғындар егілуде.