• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 26 Мамыр, 2021

Майнинг саласына қауіп төніп тұр

382 рет
көрсетілді

Электр энергиясының 1 киловатт-сағатына жоспарланып отырғандай  1 теңге салықтың салынуы  майнинг саласын құртуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта майнингтік фермалар мен дата-орталықтарға  қосымша салық салынуы ықтимал – электр энергиясының 1 киловатт-сағатына 1 теңге. Тиісті түзетулерді Салық кодексі арқылы  қабылдау жоспарлануда, оны Қазақстан парламентінің мәжілісі екі оқылымда мақұлдап, Парламентінің сенатына жіберді. Мұндай шара майнинг  саласын бұзуы мүмкін.

Нарық құрылымын  17  майнингтік дата орталық  құрап отыр. Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің деректері бойынша,  цифрлық майнингтің дата-орталықтары  тұтынатын электр энергиясының көлемі  500 мегаватты  құрайды.

Майнинг нарығының көлемі жылына 4,38 млрд киловатт-сағат. Электр станцияларының  электр энергиясы үшін  төлейтін ақысы жылына 57 млрд  теңге. Сонымен қатар, жылына тағы 10-15 млрд теңге жалақы төлеуге, құрылысқа, жергілікті энергетикалық өнімді (кабель, бақылау шкафтары, трансформаторлар) сатып алуға жұмсалады.

Жылына 70 млрд  теңге — бұл шетелдік валюта түрінде майнинг қызметтері үшін түсетін ақша.

«Қазақстандағы  блокчейн және дата-орталықтар индустриясы қауымдастығы» ЗТБ президенті Алан Дорджиев цифрлық майнинг технологиялық процесс  екенін айтып берді. Майнингті  смартфонда және компьютерде, үйде және жұмыста жасауға  болады. Салық кодексіне түзетулер қабылданған жағдайда,  ол заңды өз пайдасын икемдеп пайдалануға жол ашады, бұл  өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктерін туғызады.

Сондай-ақ, түзетулердің  мұндай асығыс түрде қабылдануы  инвесторларды қатты алаңдатуда, олар бұл саладан кетіп қалуы ықтимал. Егер  бір киловатт-сағат үшін 1 теңге мөлшерінде қосымша салық енгізілсе, онда негізгі ҚҚС және КТС  секілді негізгі салықтардан  басқа, майнерлер  Қазақстан бюджетіне 4,4 млрд теңге төлейтін болады. Бұл шетелдік инвесторлардың регуляторлық тәуекелділігін туғызады, олардың  болашақта бұл салаға реинвестиция жасауға деген қызығушылықтары жоғалып кетеді екен. Цифрлық  майнингке  байланысты 2020 жылдың салық аударымдары 7,5 млрд  теңге ҚҚС және 2 млрд теңге КТС құрады.

Майнинг саласында 800 адам жұмыс істеп жатыр. Бұл инженер энергетиктер мен электриктер, айтишниктер, микрочиптер мен платалар  жөніндегі электроника мамандарына жоғары ақы төленетін жұмыс орындары. Сондай-ақ салада мердігерлер жұмыс істейді , бәрін қосқанда  жұмыс істейтіндер  саны 1 500 адамды құрайды. Барлық дата-орталықтар өңірлерде орналасқан. Салық кодексіне енгізілетін  түзетулер штаттардың қысқаруына әсер етпек.

Қазақстанда онға  жуық электр станциясы майнерлермен жұмыс істейді. Салық кодексіне  енгізілетін түзетулер бұл салаға да залал келтіреді. Майнингтік  дата  орталықтары аймақтық электр станцияларының негізгі сатып алушылары болып табылады. Олардан айырылып қалмас  үшін электр станцияларына киловатт-сағат құнын кем дегенде  1,5 теңгеге  төмендету есебінен қосымша жүктемені өтеу қажет болады.