• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 27 Мамыр, 2021

Вакцина салдырушылар көбейді

186 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің кешегі мәліметі бойынша Қазақ­станда 1 991 219 адам вакцина салдырды. Айта кететін жайт, 33 002 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олар­дың ішінде 13 030 пациент стационарда, 19 972 науқас амбула­тория­лық деңгейде ем қабылдауда. Ал 729 адамның жағдайы ауыр, 178 пациенттің жағдайы өте ауыр, 99 науқас ӨЖЖ аппара­тын­да жатыр.

Елордада 24 мамыр күнгі ақ­парат бойынша 152 мыңнан аса адам коронавирус инфекция­сына қар­сы вакцинаның 1 ком­понентін алды.

Қала тұрғындары мен қонақ­тары қытайлық Sinofarm Hayat Vaх және ресейлік Спутник V вак­­цинасын қабылдай алады. Басқарма қоймаларында жо­ғары­да аталған вакциналардың до­залары жеткілікті екені хабарланды. Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарында және сауда орындарында екпе аймақтары ашылғаннан бері 22,7 мыңнан аса адам вакцина алған.

Естеріңізге сала кетейік, ха­лық­ты вакциналаумен кеңі­нен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көл­гінов­тің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Бү­гінде елорда­да Mega Silk Way, Keruen, «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк» СОО-ларында, сондай-ақ «Сарыарқа», «Астаналық», «Әлем» сауда үй­лерінде ашылды.

Вакциналау пункттерінің ке­ңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты қысқарып, 08.00-22.00 аралы­ғына белгіленсе, СОО-лар үшін жұ­мыс тәртібі өзгеріссіз қалады. Яғни сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін екпе салдыруға болады.