• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2021

Шортандыда бұрынғы пошта қызметкері 1 млн теңгені қолды еткен

264 рет
көрсетілді

Ақмола облысында бұрынғы пошта қызметкері 1 млн теңгені иемденіп алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 25 мамырында Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне Новоселовка ауылының 59 жастағы тұрғынынан арыз түскен. Әйелдің сөзінше, 2018 жылғы желтоқсаннан бастап 25 мамырға дейін белгісіз біреулер оның «Қазпошта» АҚ-дағы шотынан 993 мың 500 теңге көлемінде ақша қаражатын алған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын «Қазпошта» АҚ-да жұмыс істеген осы ауылдың 32 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті бұл әрекетін мойындаған.

«Қазіргі уақытта осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 2-бөлігі «сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты шақырғанда келу міндеттемесі түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу шаралары жалғасуда», деді баспасөз өкілі.