Бұл туралы қызметтің Telegram-арнасында мәлім болды.
«Құрметті Ashyq қызметін қолданушылар! Қазір қосымшада техникалық ақаулар бар. Уақытша қолайсыздықтар тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз», делінген 27 мамырда сағат 13.10-да жарияланған хабарламада.
Сағат 13.25-те арнада қызмет қалпына келгені туралы хабарлама жарияланды. Алайда кейбір қолданушы әлі де қосымшаға кіре алмай отыр.
Еске салайық, қолданушылар Ashyq бағдарламасындағы ақауларға бірнеше рет шағым айтқан болатын.