Қазақстан мен Бельгия арасында парламентаралық байланыс одан әрі нығая түседі. Бұл туралы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Бельгия Корольдігінің Федералдық Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Элиан Тильёмен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Басқосу бейнеконференция форматында өтті. Спикерлер екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырып, саяси жүйені жаңғырту мәселелерін талқылады.
Нұрлан Нығматулин мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты кеңейту, сондай-ақ осы бағыттағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру туралы айтты.
Өз кезегінде Элиан Тильё екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтіп, қалыптасқан саяси-экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.