Атырау қаласында 19 жастағы бойжеткеннің 8-қабаттан секіріп, көз жұмуына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бүгін, 27 мамырда сағат 17:00 шамасында болған.
«Бүгін 2002 жылы туған бойжеткен «Алмагүл» шағын ауданындағы №18 үйдің 8-қабатынан секіріп кетті. Ол оқиға орнында мерт болды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 105-бабымен тергеу амалдары жүріп жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.