• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2021

Ақмола облысында маусымдық құтқару бекеттері ашылады

192 рет
көрсетілді

Ақмола облысында 60 шақты маусымдық құтқару бекеті ашылады. Бұл туралы аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айтуларынша, бекеттерде 170 құтқарушы кезекшілік етеді. Сондай-ақ барлық қауіпсіздік шаралары сақталған 7 коммуналдық жағажай ашылмақ. Онда да кәсіби құтқарушылар қызмет атқарады.

Айта кетейік, Ақмола облысында 500-ден астам су айдыны болса, тек төртеуінде ғана кәсіби стационарлық құтқару бекеті бар. Ал қалғандарына уақытша бекеттер қойылады. Жалпы өткен жылы өңірде 19 адам суға кетсе, биыл осы айдың өзінде 3 адам суға кеткен.

«22 мамыр күні Ерейментау ауданындағы Қоржынкөл көлінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың кесірінен 2003 жылғы азамат суға батып кетті. Ал, 25 мамырда Аршалы ауданында еріген қар суынан жиналған көлшікте 2013 жылы туған ағайынды бауырлар мерт болды. Бұл жерде ата-аналары балаларын қараусыз қалдырған», деді облыстық ТЖД басқарма басшысы Асхат Ақылжанов.