• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2021

Алматыда көліктер соқтығысып, адамдар ауруханаға жеткізілді

1253 рет
көрсетілді

Қалалық полиция департамантінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы 30 мамыр кешкі сағат 19:40 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Daimler Benz» көлігін басқарған белгісіз жүргізуші Бейсенов көшесімен Бутаковка шағынауданына солтүстік бағытта келе жатып, Керей-Жәнібек хандар көшесінде қарсы жолаққа шығып кеткен.

Сөйтіп оңтүстік бағытта келе жатқан «Toyota RAV4» көлігімен соқтығысты.

Салдарынан «Toyota RAV4» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

«Жол апатына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», дейді Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.