• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2021

Инвестициялар бойынша жоспардың орындалуы жыл сайын бағаланатын болады

208 рет
көрсетілді

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі және тікелей шетелдік инвестициялар бойынша 5 жылдық нысаналы көрсеткіштер белгіленген. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларына инвестициялар тарту және инвесторлармен жұмыс істеу бойынша міндеттер қойылған. Бұдан басқа, жыл сайынғы негізде оларға қол жеткізу және инвестициялар жөніндегі жоспарды орындау бойынша өңірлер рейтингі жүргізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

«Инвесторларға қолайлылықты арттыру мақсатында инвестициялық келісімшарттар жасау бойынша мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды. Пандемиялық жыл болғанына қарамастан, СІМ келісімшарттардың саны мен сомасын сақтап қана қоймай, соңғы 10 жылда рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 635 млрд теңгеге инвестициялық келісімшарттар жасай алды...», деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Зебешев.

Оның айтуынша, бұл шаралардың барлығы 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін ЖІӨ-нің 30% - ына дейін, ал тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 30 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс. Бұл жоспарлар 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына және «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының шараларын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес көрсетілген.