• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2021

Білім министрлігі 500 мыңға жуық баланың құқығын қорғаған

152 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бір жылда 454 мың баланың құқығын қорғауға ықпал еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Білім және ғылым министрлігінің назарына 454 мың баланың құқықтық мәселесі түсіп, соның бәріне біз қол ұшын беріп, реттедік. 2020 жылы 640 мың бала мектептерде тегін тамақпен қамтылды. Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарында 1-4 сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен тегін қамтылды. Қарағанды облысында 1-2 сынып оқушылары, Маңғыстау және Ақмола облыстарында 1-сынып оқушылары түгел тегін ыстық тамақпен қамтылды. Комитет тарапынан ұйымдастырылған ең ауқымды шаруа осы деуге болады», деді ол.