• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2021

Қазақстан ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің конференциясына төрағалық етеді

1293 рет
көрсетілді

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер министрлерінің конференциясына төрағалық етеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен видео конференция форматында кездесу барысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуде Қазақстанның төрағалығымен өтетін ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Біз үшін биылғы қарашаның соңы желтоқсанның басында өтетін ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына төрағалық ету үлкен мәртебе. Қазақстан Үкіметі ортақ іс-шарамыздың барлық мазмұндық және ұйымдастырушылық мәселелеріне қатысты пысықтау жұмыстары бойынша ДСҰ Хатшылығымен тығыз ықпалдастық орнатады», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан көпжақты сауда жүйесін белсенді жақтайтын болғандықтан, Конференцияның нақты нәтиже әкелуіне мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібіндегі барлық шешілмеген мәселелерді талқылауға өз тарапынан конструктивті түрде үлес қосуға дайын екенін жеткізді.