Қостанай облысында «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қостанай облысында 24-28 мамыр аралығында өткен «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы барысында емдеу-профилактикалық мекемелері, заңды айналымдағы есірткі құралдары мен психотроптық заттарды емдік мақсатта саудалауға рұқсаты бар нысандар тексерілді.
Жедел алдын алу шарасы кезінде тәртіп сақшылары есірткіге қатысты 17 құқық бұзушылық анықтады. Оның ішінде есірткі айналымы ережесін бұзу бойынша 2, фармацевтикалық қызмет көрсету мен дәрі-дәрмек құралдарын ұстау ережесінің бұзылуы бойынша 5 дерек тіркелген.
«Сонымен қатар, есірткі құралдарын өткізуге қатысты 4, есірткі құралдарын сақтауға қатысты 5 құқық бұзушылық анықталды. Биыл жыл басынан бері облыста 14 кило есірткі құралы заңсыз айналымнан алынды. Сондай-ақ, заңсыз есірткі сату бойынша 57 қылмыс анықталды. Аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 12 дерек тіркелді», деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.