• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2021

Ертең Ұлттық санақтың бірінші кезеңі басталады

3526 рет
көрсетілді

2021 жылғы Ұлттық санаққа дейін маусым айында Қазақстанның барлық елді мекенінде дайындық кезеңі жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

1-30 маусым аралығында интервьюерлер (тіркеушілер) әрбір елді мекен бойынша тұрғын жайлар, тұрғын үйлер (тұрғын жай ғимараттары) және тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын емес орындардың барлығын аралап, олардың тізімін және тұрақты тұрғындарының санын нақтылайды.

1 кезең үшін барлығы 5 405 интервьюер және 773 нұсқаушы-бақылаушы алынады. Нысандарды аралау кезінде интервьюерлер өздерін таныстырып, интервьюер куәлігін көрсетуі керек. Сондай-ақ келудегі мақсатын нақты және қысқаша түсіндіріп, сол үй-жайда тұрақты (әдетте) тұратындардың мекен-жайларын және санын сұрауы қажет.

2021 жылдың ұлттық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі аралықта өтеді. Оған онлайн режимінде де, сондай-ақ, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады.