• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2010

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫҚПАЛДАСТЫҚҚА МАҢЫЗ БЕРІЛДІ

451 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов ТМД елдері білім беру жүйесі қызметкерлерінің І съезіне келген Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан делегациялары басшыларымен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесуге ТМД-ға мүше мем­лекеттердің Білім беру саласын­дағы қызметтестік жөніндегі кеңесінің төрағасы Василий Стражев, Ресей Федерациясының білім және ғылым министрі Андрей Фурсенко, Армения Рес­публикасының білім және ғылым вице-министрі Манук Мкртчян және басқалар қатысты. Премьер-Министр форумның Достастық елдерінің білім беру қауымдастығының интегра­ция­ла­нуын­дағы, мемлекетаралық қыз­мет­тестікті дамыту мен білім беру үдерісін модернизациялаудағы маңыздылығын атап көрсетті. Ол қонақтарға Қазақстанның 2020 жыл­ға дейінгі дамуының страте­гия­лық жоспарында белгіленген елдің дағдарыстан кейінгі дамуының жаңа міндеттерін ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсыр­ма­сы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасында 2011-2020 жыл­да­ры білім беруді дамытудың мем­лекеттік бағдарламасы жөнінде баяндады. Съезге қатысушылар форумды ұйымдастыру мен өткізудің жоғары дәрежеде болғаны үшін ризашы­лық­тарын білдіріп, Астанада өткен съездің Қазақстан Республи­ка­сын­да білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформаларға Достас­тық­тың педагогтар қауымы берген жоғары бағаларына нақты дәлел болатындығын атап көрсетті.