• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2021

Батыс Қазақстанда карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді

155 рет
көрсетілді

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың 31 мамырдағы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қаулы 2 маусымнан бастап күшіне енеді. Облыстың сары аймаққа кіруіне байланысты шектеу шаралары жеңілдетілді.

Атап айтқанда, бұған дейін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80, жеке кәсіпкерліктегілердің 50 пайызы қашықтан жұмыстан жасап келген еді.

Енді 2 маусымнан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының кемінде 50 пайызы жұмысын қашықтан атқарады. Сонымен қатар мемлекеттік органдар, ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қашықтан және штаттық форматта жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей қызметін ұйымдастыра алады.

Осы орайда екпенің толық курсынан өткен және соңғы алты айда коронавируспен ауырып, емделіп шыққан барлық қызметкерлер штаттық режимде жұмыс істей алады. Алайда жиналыс, кеңестер, семинар, конференциялар селекторлық режимде және бейнебайланыс арқылы өткізіледі.

Басқа да карантиндік талаптар сақталады.