• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 01 Маусым, 2021

Ауыл әкімдері қанша мерзімге сайланады?

783 рет
көрсетілді

Ауыл, кент, аудандық маңыздағаы қала мен ауылдық округ әкімдері екі мерзімге ғана сайлана алады. Бұл туралы Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мәлік Мурзалин Хабар-24 арнасына берген сұхбатына айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бір адам екі реттен артық ауыл әкімі бола алмайтынын маңызды ереже деуге болады. Сонымен бірге әкім партияға мүшеліктен айырылса, жергілікті мәслихат сенімсіздік танытқан жағдайда немесе Мемлекеттік қызмет туралы заңмен байланысты өзге де проблемаларға тап болса, өз лауазымын тапсыруға мәжбүр болады»,  деді Президент әкімшілігінің өкілі.

Айта кетейік, сайлауға жасы 25-тен асқан кез келген Қазақстан азаматы кандидат ретінде қатыса алады.