• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 01 Маусым, 2021

Үкімет басшысы барлық мектепті «дабыл түймесімен» жабдықтауды тапсырды

402 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында мектеп медицинасын дамытып, балалар стационары мен емханалардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бейнебақылау жүйелері мен олардың Полицияның жедел басқару орталықтарымен интеграциялануына, «дабыл түймесінің» болуына және жедел ден қоюға ерекше назар аудару керек. Барлық іс-шаралар оқу жылы басталғанға дейін аяқталуы тиіс. Бұл мәселе Үкімет отырысында қарастырылатын болады», деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ ол Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау, оңалту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.