Елордада ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жүйелі түрде тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, мемлекеттік-конфессиялық саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» талаптарын іске асыру аясында елордалық Дінтану орталығы мемлекеттік-конфессиялық саясатты түсіндіруге, сондай-ақ халықтың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Өткен аптада ғана дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы елорданың 500-ден астам тұрғынымен 27 кездесу өткізді. Кездесулер құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімдері, ПИК қызметкерлері, сондай-ақ қала колледждерінің студенттері үшін ұйымдастырылды.
Сонымен дәріс барысында «деструктивті діни ұйымдардың риторикасы», «дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар», «интернетте деструктивті діни ұйымдардың тарту әдістері» секілді өзге де өзекті тақырыптар түсіндірілді.
Кездесу соңында деструктивті діни ағымдардың мәнін түсіндіру, Қазақстан Республикасының зайырлылық терминін анықтау, «iKomek-109» жедел желісі, ҚР аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімі туралы, Нұр-Сұлтан қаласындағы конфессиялық палитра туралы ақпарат, сондай-ақ ҚР нормативтік-құқықтық базасы талқыланды.
Дәріс барысында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардың жауабын тыңдады.