1 маусымнан Ресей, Түркия, Армения және Әзірбайжанмен құрлық шекаралары ашылып отыр. Дәл осы елдерден жолаушылардың ең үлкен ағыны келгендіктен, Грузия туризмнің қалпына келуін күтуде. Шекара арқылы вакцинаның 2 компонентін салдырғандығын растайтын серитификаты бар немесе соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР тестінің теріс нәтижесі бар шетелдіктерге рұқсат етіледі.