• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Маусым, 2021

Екібастұз маңында автобус жылқыға соғылды

360 рет
көрсетілді

Жолаушылар зардап шекпегенімен жүргізуші жарақат алып, мал иесіне айыппұл салынды, деп хабарлады Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 31 мамырда Павлодар – Қызылорда тасжолында Өскемен – Қарағанды бағытында жүріп келе жатқан автобус жылқымен соқтығысқан. Нәтижесінде жарақаттанған жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

«Жылқы трассада иесінің қарауынсыз жүрген. Екібастұз полицейлері мал иесін анықтады. Ол Бәйет ауылының тұрғыны болып шықты. Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды», дейді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.