• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Маусым, 2021

Балаларды оңалту орталығына жаңа ғимарат берілді

180 рет
көрсетілді

Балаларды қорғау күніне орай Екібастұз қаласындағы «Әлем» балаларды оңалту орталығы жаңа ғимаратқа көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көпшіліктің қуанышына Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан әйелдері күштерінің Альянсы» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева ортақтасты.

«Әлем» балаларды оңалту орталығына БМС диагнозы бар және тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар барады. Бүгінде орталықтың жалпы ауданы 4 мың шаршы метрді құрайды. Орталық 100 баланы қабылдай алады. Осы уақытқа дейін 40 бала қабылдағанын айта кету керек.

2 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін фельдшер, емдеу-дене шынықтыру, логопед кабинеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ оңалтудың жаңа түрі қарастырылған. Бұл – ипотерапия, яғни атқа міну. Мұнда 18 бен 29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тренажер залы, массаж кабинеті, психолог және гидромассаж кабинеті жұмыс істейді. Сонымен қатар орталықта асхана, концерт залы және бассейн бар. Балалар күн сайын «Әлем» орталығына тегін жеткізіледі.