Қытайдың солтүстік-шығысында Хэйлунцзян провинциясындағы Шанчжи қаласында торнадо соқты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғи апат салдарынан бір адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды.
Мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілуде, олардың біреуінің жағдайы ауыр.
Сәрсенбі таңертеңгі жағдай бойынша кем дегенде 148 үйге, ауылшаруашылық жерлерге және зауыттарға зиян келген.