• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Маусым, 2021

Саябақтағы шудан кейін Қарағанды әкімінің екі орынбасары жазаланды

544 рет
көрсетілді

1 маусым күні Қарағанды қаласының орталық саябағында болған өрескел заң бұзушылықтардан кейін бірнеше шенеунік қатаң сөгіс алып, саябақ директоры жұмысынан босатылады, деп хабарлайды Egemen.kz saryarqanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағандының орталық саябағында карантиндік нормалардың өрескел бұзылғаны үшін бірқатар шенеуніктерді жазалауды тапсырды.

Саябақ басшылығы, сондай-ақ қалалық әкімдіктің тәртіп үшін жауапты тұлғалары бұл күні азаматтардың бос уақытын қауіпсіз және санитарлық нормаларға сай өтуін қамтамасыз етпеген. Салдарынан мереке күні саябақта адамдар шамадан тыс көп шоғырланып қалған. Бұл жағдайға жол берген жауапты тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылды.

Қарағанды қаласы әкімінің екі орынбасары Нұрлан Бикенов, Халел Әкімжановқа, сондай-ақ мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланды. Саябақ басшысы Мәдина Әшірова қызметінен босатылады.