• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Маусым, 2021

Қытайдағы құс тұмауы адамға жұға бастады

890 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич әлемде алғаш рет құс тұмауы адамға жұққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ДДСҰ тұмауды эпидемиялық қадағалау және алдын алу шаралары ғаламдық жүйесі (GISRS) арқылы вирустарды, оның ішінде пандемияға айналу ықтималдығы бар вирустарды үздіксіз бақылайды және қауіп-қатерге баға береді. ДДДҰ Қытайдың ұлттық үкіметімен және GISRS серіктестерімен бірлесе жағдайды бақылап отыр», дейді ДДСҰ өкілі.

Язаревичтің айтуынша, бұл төмен патогенді штамм тірі құс базарында 2002 жылы табылған, бірақ адамға жұғу жағдайы тіркелмеген еді. Ауру жұқтырған Чжэнцзян қаласының 41 жастағы тұрғыны 28 сәуірде тұмау белгілерімен ауруханаға түскен.

Кейінірек құс тұмауы вирусының H10N3 штаммы анықталды. Қазіргі кезде науқастың жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер оның кіммен байланыста болғанын анықтады. Әзірге оларда тұмау белгілері байқалған жоқ.