• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2021

Қостанай облысында екі баланың анасы суға батып кетті

577 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 1 маусымда Әулиекөл ауданындағы Обаған өзінінде әйелдің суға батып кеткені туралы хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.

Белгілі болғандай, Балаларды қорғау күні әйел Құсмұрындағы достарымен бірге су қоймасына демалуға барған.

«Куәгерлердің айтуынша, бір топ демалушы шомылуға жабдықталмаған жерде алкогольді сусын ішкен. Құтқарушылар 1990 жылы туған әйелдің денесін жағадан төрт метр жерден тапты. Сүңгуірлер іздеу кезінде учаскеде өзен түбінің рельефінің күрт көлбеуі бар екенін растады», делінген ТЖД хабарламасында.

Департамент облыс тұрғындарынан су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.