Былтыр елде шамамен 80 мың автокөлік құрастырылған. Машина жасау саласындағы өсім көрсеткіші 20 процент, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бөлісті. Биыл көлік өндірісінің көлемі 5 процентке өскен. Салаға жауапты ведомство мәліметінше, Қазақстанда көліктің 160-тан астам үлгісі шығарылады. Алайда ондағы қосалқы бөлшектердің жартысынан астамы сырттан әкелінеді.